ШЫМКЕНТ: 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ӘРБІРІМІЗДІҢ ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Рейтинг
18.04.2020, 22:19

- Пандемияға байланысты елімізе болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді.

Бала күтімімен демалыста отырмын. Үш баланың анасымын. Күйеуім өзін-өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап жүрген азамат. Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем - 42 500 теңге төлем шотыма түсті. Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, қалада карантин жарияланған кезде бұл қаражаттың берілгені расында біз секілді отбасыларға көмегі тиді. Қолда барды қанағат тұтып, қиын-қыстау кезінде қиындықтан шыдамдылықпен бірлесіп, тәртіпке бағынып, шықсақ деймін. Қазір теледидар, әлеуметтік желі арқылы елімізде болып жатқан әрбір жаңалықты жібермей көріп отырмыз. Президентіміз, Шымкент қаласының билік өкілдері тарапынан жасалып жатқан игі істердің барлығынан хабардармыз. Отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз.

Айман КЕРІМБАЙҚЫЗЫ, Шымкент қаласы Абай ауданы "Құрсай" шағынауданының тұрғыны

Сұхбат

PhotoRoom