42 500 ТЕҢГЕ: ХАЛЫҚҚА ҚИЫН СӘТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛУДА

Рейтинг
18.04.2020, 16:41
42 500 ТЕҢГЕ: ХАЛЫҚҚА ҚИЫН СӘТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛУДА

"Бала күтіміне байланысты демалыста жүргендерді бөлек санатқа бөлмейміз. Олар да барлық азаматтар сияқты әлеуметтік төлемге өтініш бере алады". Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтқан болатын.

Елдегі орын алып жатқан бүгінгі жағдайға байланысты бала күтіміндегі аналар да 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш білдіруде. Соның бірі шымкенттік - Ақбота Сағындықова.

- Мен бала күтімімен үйде отырған анамын. Елдегі төтенше жағдайға байланысты мемлекеттің тағайындаған 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алдық. Бұл - біз сияқты жас отбасыларға көрсетілген үлкен қолдау. Осынау қиын шақтарда дер кезінде жасалған қамқорлығы үшін Президентіміз Қ.Тоқаевқа бала күтіміндегі барша аналар атынан алғыс айтқым келеді, - дейді ол.

Сұхбат

PhotoRoom