ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНДА БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Рейтинг
18.04.2020, 17:01
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНДА БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол өткелі тұрғындарына да маскалар үлестірілді.

Бүгін жалпы қала бойынша партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тарапынан 270 мың маска таратылды.

Сұхбат

PhotoRoom