Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі А.Аликуловтың басшылығымен аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті полиция өкілдері Сайрам тұрғын алабы аумағына төтенше жағдай бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Рейдтік іс-шара барысында 6 орынға қосымша блок бекеттер қойылды. Сонымен қатар, банк бөлімшелері мен Қазпошта мекемесі алдарында дезинфекциялау жұмыстарын тұрақты жүргізу, тұрғындарға қажеттілік туындамаған жағдайда үйде болу және індетке қарсы барлық сақтық шараларын қатаң түрде сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталаған мәселелер аудан әкімінің тұрақты бақылауына алынған.