Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
- Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде - банкоматтар. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады:
- банк картасымен төлеу;
- мобильді банктік қосымшалар;
- төлем операторларының онлайн-сервистері, - делінген басқарманың хабарламасында.
Айта кетсек, бүгінгі таңда шаһардағы сауда нысандарында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндіктері қарастырылған.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы