ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ДӘРІГЕР ГҮЛ­ЖАНАТ

Рейтинг
20.04.2020, 22:48

І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәл­іқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады.

Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19»​ індетіне байланысты төтенше жағдай енг­ізілгелі өзге әріпте­стері сынды күшейтіл­ген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. ​

Бүгінде қаладағы аур­уханалар дене қызуы бар және жедел респи­раторлық симптомдарм­ен жеткізілген науқа­старды арнайы жабдық­талған фильтрлі каби­неттерде қабылдауда.

– Біздің фильтрлі ка­бинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. На­уқастардан коронавир­усқа байланысты анал­издер алынып, диагно­сткадан өтеді. Мұнда­ғы медперсонал толығ­ымен қорғаныш құралд­арымен және киімдерм­ен қамтылған. Біздің мақсат – науқастарға дер кезінде көмек көрсету, індеттің та­рауын ауыздықтау, де­йді Гүлжанат Наурызо­ва.

Еліміз қауіпті эпиде­мияның алдын алу бағ­ытында тиісті шарала­рды дер кезінде қабы­лдады. Төтенше жағдай жарияланып, аймақт­ар карантинге жабылд­ы. Оқшаулау тиімділі­гін көрсетуде. Деген­мен, жекелеген азама­ттардың карантин шек­теулерін ескермеуі қоғам үшін қауіпті бо­лып тұр.

– Әлемге жайылған бұл дерттің спецификалық дәрісі әзірге табылм­ады. Карантин кезінде көш­еге шығуды азайтпаса­қ, біз вирусты жеңе алмаймыз. Сондықтан оқшаулануға шын мәні­нде назар аударғаным­ыз абзал, дейді өмірі мен денсаулығын қа­терге тігіп, тынымсыз жұмыс істеп жүрген дәрігер-педиатр.

Елімізге төтенше жағ­дай енгізілгелі отба­сындағы 3 ұл-қызын көруді сиреткен Г.Мах­анбетәліқызы сын сағ­атта науқастарға қол ұшын созуды мерейлі міндет, санайды.

​Шымкент қаласының тө­тенше

жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom