Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетімен бірлесіп «Жоғарғы оқу орындарындағы парасаттылықты қалыптастыру: бүгіні және перспективасы» атты тақырыпта вебинар өткізді.
Вебинарға қаланың 30-дан астам жоғарғы оқу орындары және колледж өкілдері, Ақпараттық-ағартушылық Штабтың және «Парасат» басқармасының басшылары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы пікірлері мен ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.
Департаменттің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстармен таныстырса, Штаб басшысы С.Мәжінбеков адалдық, парасаттылық құндылықтарына тоқталды.
Өз кезегінде, Парасат басқармасының басшысы Г.Дулатова Басқарманың құрылымы мен құрылу мақсатына, атқарылған жұмыстар мен жоспарына тоқталды.
Вебинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тәжірибелерімен алмасты.
_____________________________________
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті