Отбасындағы ата-ананың рөлі айтылды

Рейтинг
21.04.2020, 20:45

Шымкент қалалық Салт-дәстүр орталығында кезекті "Дәстүр дәрістері" атты онлайн хабары жүргізіліп,  бұл жолы орталықтың  бөлім меңгеруші Гүлшат Жақанқызы отбасындағы ата-ананың рөлі, тәрбиелік мәні жөнінде әңгіме өрбітті.  Бала дүние есігін ашқаннан бастап, тал бесіктен жер бесікке дейінгі дәстүрлеріміз кел-келген қазақ отбасында ұсталынады. Бұл біздің сәбиге ат қою, тұсаукесу... өскенге дейінгі жасалынатын жөн-жоралғылардың барлығы осы қазақы тәрбиемен ұштасып жатыр. Алайда, ұмыт қалып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де бар. Мәселен, өмірге жаңа келген нәрестенің құлағына азан айту. Бұл біздің дәстүрімізде бар болғанмен, қазіргі кей жас отбасылар қолдана бермейді. Сонымен қатар шілдехана күзету салт-дәстүрі. Жас босанған келінді бөбегімен бірге қырық күнге дейін ешқайда шығармай бөлек ұстаған. Бәле-жала, тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтаған.  Бұдан бөлек тағы бір отбасы тәрбесіне қатысы маңызды қадам - баланы атқа мінгізіп, ашамай тойын жасауы.  Бұл баланың есінде қалып, кейін ат жалын тартып мінгенде ер мінезді жігіт болуына, кемелденуіне, сенім арттыруына үлес қосады. Қыз баласының құлағына сырға салып, өзінің бойын тіктеп өсуіне, ибалы болуына, он үшке келген соң, оң босағаға шығаруы - қыз баланың өзін табиғатын жауапкершілікпен сезініп өсуіне себепші болған. Мұның барлығы баланың бесік жасынан тәрбиелеудегі өнегелі ұстанымдар.

Сұхбат

PhotoRoom