ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ

Рейтинг
22.04.2020, 13:08

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда.

Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы техника тартылған. Бүгінде екінші кезең бойынша жұмыстардың 43 пайызы орындалды. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелер мен багаж жабдықтарын жеткізу бойынша келісімшарт жасалса, жеделсатылар мен эскалаторларды жеткізу бойынша келісім түзілуде.

Болашақта әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған.

Жааптылардың айтуынша, терминалдың құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталмақ.

Шымкент қаласы әкімі

аппаратының баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom