«Алты жыл аш болсаң да, салтыңды сақта» деген

Рейтинг
22.04.2020, 19:25

Қазақ халқында «Алты жыл аш болсаң да, салтыңды сақта» деген мәтел бар. Бүгінде қазақ халқының осы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің ұмыт болмағанын қазіргі той-жиындардан, ағайынның басы қосылған мерекелік шара барысында байқаймыз. Алайда, халқымыздың болмысы,мінез-құлқына, уақыт пен заман ағымына қарай дәстүрлеріміз ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріп жетіп жүр. Кейде жаңа үрдістер пайда болады, бұрынғы салтымыздың жаңа қырынан белең алғанын аңғаруға да болады. «Біздің міндетіміз бүгінгі буынға сол ата-тегіміздің әдет-ғұрпын қаймағын бұзбай жеткізіп отыру» дейді Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының насихаттаушы маманы Ләззат Кәдірбек. «Дәстүр дәрістері» атты онлайн жүздесу барысында «Баланы қырқынан шығару» тақырыбында сөз қозғаған маман қазіргі жас отбасыларға тәлім боларлықтай әңгіме өрбітті. Баланың кіндігін кімге кестіреді, кіндігін қалай және қай жерге сақтайды, қырқынан қалай шығарады, қырық күнге дейін ана мен баланы қалай күтіну, қарын шашын, сүт тырнағын қалай алу жолдарын айтып өтті.

 

Сұхбат

PhotoRoom