ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 20 БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Рейтинг
23.04.2020, 12:23
ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 20 БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Шымкент қаласында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Дезинфекциялық шаралар күн сайын 20 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Тәулігіне қаладағы 13,8 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылуда.

Жолдарды залалсыздандыру жұмыстары арнайы көліктердің көмегімен іске асса, аяқжолдар, аялдамалар мен сауда орындарының маңайы арнайы техника көмегімен қолмен тазартылуда.

Бұл бойынша коммуналдық сала қызметінің жұмысшыларына 200 әскери мен 100 ерікті көмектесіп отыр. Сондай-ақ, қала орталығынан алыс орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы орамішілік көшелерді залалсыздандыру бойынша да жұмыстар күшейтілді.

Күн сайын 20 сервистік компанияның 600-ден астам қызметкері контейнерлердi, аула алаңдары мен кіреберістерді дезинфекциялауда.

Айта кетсек, залалсыздандыру шараларына қатысты сұрақтар бойынша, қала тұрғындары аудан әкімдіктерінің төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуы керек.

Абай ауданы: 53-03-20

Әл-Фараби ауданы: 54-96-54

Еңбекші ауданы: 8778-310-58-61, 8701-701-30-33

Қаратау ауданы: 77-45-63

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom