ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР АУЫЗАШАР ОРНЫНА ТҰРҒЫНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫН ҮЛЕСТІРДІ

Рейтинг
03.05.2020, 12:58

Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді.

«Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде көпшілік адам ауыз ашар жасайды. Мен ойлаймын, неге биыл ауызашарды осындай көмекке алмастырмасқа? Менің ойымша, бұл әлдеқайда маңызды, өйткені әлемнің барлық діндерінде көмекке мұқтаж адамдарға әрқашан көмек көрсетуге, қолдауға шақырады. Мен барша азаматтарды бұл бастаманы қолдауға шақырамын. Бүгінде елімізде қаншама түрлі челлендждер бар. Бұл жақсылық челленджінің бастамасы болсын»,- деді Бауыржан Анарбеков.

Кәсіпкердің бастамасын қолдаған "Шымкент добряков клубы", жастар ресурстық орталығының "Жастар волонтерлер лигасы" мен журналистер, сондай-ақ әкімдік пен "Регион" такси паркінің қызметкерлері азық-түлікті жеткізіп беру ісінде белсенділік танытты.

Сұхбат

PhotoRoom