Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты

Рейтинг
21.05.2020, 11:39

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағалидің және оның орынбасарлары Т.Серікбаев пен Б.Ұзынжастың қатысуымен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің ұжымымен онлайн жиын өтті.

Іс-шара барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша құқық бұзушылықтардың және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну қаралды.

Атап айтқанда, ИЧ-167/2 және ИЧ-167/10 қызметкерлері тарапынан қысым жасағаны туралы азаматтардың арызы негізіндегі қылмыстық іс қаралып, арызда көрсетілген уәждер талқыланды.

Жиында аталған құқықбұзушылықтарды болдырмау, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында алдын алу және түсіндіру шараларын тұрақты түрде жүргізіп отыру, сотталғандардың дене жарақаттарын анықтайтын арнайы маман бөлу туралы ұсыныстар енгізілді.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Департамент басшысы А.Жұмағали ар тазалығын биік ұстауға, халыққа адал қызмет етуге шақырып, ұжымда парасаттылық қағидаттарын енгізуге назар аударды.

Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің департаментінің бастығы А.Досмағамбетов ұсыну негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, қызметкерлердің жауапкершілігі қаралатындығын атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom