ШЫМКЕНТТІК ЖАС ДАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Рейтинг
04.06.2020, 17:08
ШЫМКЕНТТІК ЖАС ДАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» халықарылық ғылыми жобалар конкурсы әлемде болып жатқан жағдайға байланысты онлайн режимде өткізілді. Дарын орталығының ұсынуымен Шымкент қаласынан бірнеше жұмыс жіберілді.

Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы 65 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Рақымбай Нұржігіт Саятұлының «Техногенді ластанған су ортасын тазалауда өсімдіктердің биоиндикаторлық маңызы» тақырыбында жызылған ғылыми жоба жұмысы ғылыми өзектілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленіп 3-орынды иеленді.

Ғылыми жобаға биология пәні мұғалімі Нұргүл Әлжанова жетекшілік етті.

Сұхбат

PhotoRoom