ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА БИЫЛ 60 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Рейтинг
04.06.2020, 23:24

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ауданға қатысты көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі Қаратау ауданындағы Таскен тұрғын алабында болып, ондағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелердің құрылысын аралап көрді.

Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жол құрылысымен "Азрет-жол құрылыс" ЖШС айналысуда.

Барлық талаптарға сай салынып жатқан құрылыс алаңын аудан әкімі өз көзімен көріп, жұмыс жүргізіп жатқан мердігерге ең бастысы сапаға мықтап көңіл бөлуді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom