ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ

Рейтинг
04.06.2020, 17:33
ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды.

Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды.

Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланбақ. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған.

Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланып, баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ.

Жаз мезгілінде қала тұрғындарының басым көпшілігі осы саябаққа келетінін айтқан қала әкімі тынығушыларға қолайлы жағдай қарастыруды айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom