ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША CALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Рейтинг
05.06.2020, 11:22

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында әлеуметтік көмек мәселелері бойынша CALL-орталық іске қосылды.

Енді кез келген қала тұрғыны «13 00» немесе 8(7252) 77-11-03 нөмірлеріне хабарласып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ, мамандардың кеңестеріне де жүгінуге мүмкіндіктері бар.

Ескерте кетейік, CALL-орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сұхбат

PhotoRoom