«Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды.
Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.
Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды.
Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.