Бала еңбегін қанауға қарсы іс-шаралар өткізілуде

Рейтинг
09.06.2020, 10:51
Бала еңбегін қанауға қарсы іс-шаралар өткізілуде

1 - 12 маусым "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқаны күндеріне орай, жазғы демалыста оқушылардың уақыттарын қалай өткізуіне олардың ата-аналарының ықпалы өте зор екені, сонымен қатар, қазіргі таңда мектеп жанындағы, яғни кәмелет жасына толмаған балаларды әр түрлі жұмыстарға жегіп қойып жатқандығы, бұл ретте көп адамдардың балалары еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырмау мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында іс-шаралар өтуде. Бұл іс-шара мақсаты бала еңбегінің заңдылығына толықтай мән беріп, қоғамдағы балалардың құқықтарын білу. Осыған орай, ауданға қарасты Қазығұрт, Жаңаталап, Қатынкөпір, Самал, Тұрлан шағынауданында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, осы іс-шарада белсенділік танытқан тұрғындарға сыйлықтар ұсынылды.

Сұхбат

PhotoRoom