ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА БАСПАНАСЫЗ ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Рейтинг
09.06.2020, 13:49
ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА БАСПАНАСЫЗ ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Шымкентте өртке оранған М.Водопьянова көшесіндегі №1а көпқабатты үйдің құрылысы жөнінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде 42 отбасы баспанасыз қалған. Мүлдем баспанасы болмаған 22 отбасы жатақханамен қамтылып, қалғаны туыстарына жайғастырылған. Ал 25 отбасыға 1 млн теңгедей қаржылай көмек көрсетілген. Қазір 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Баспана қыркүйекте тұрғындарға толығымен пайдалануға беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom