Әкім күрделі жөндеу жұмыстардың сапалы жүргізіліп жатқанына көз жеткізді

Рейтинг
09.06.2020, 13:52
Әкім күрделі жөндеу жұмыстардың сапалы жүргізіліп жатқанына көз жеткізді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит  Мәуленқұлов аудан аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс жұмыстарының нысандарымен танысты.

Аралау барысында, Республика, Тауке хан даңғылы және Түркістан көшесінде жолдарды жөндеу жұмыстары барысымен танысып, күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

Сонымен қатар, А.Асқаров көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, сейсмо нығайту жұмыстары бойынша аталған үйлердің аулаларында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстары тыңдалып, үйлердің қазіргі ахуалымен танысып, өз бақылауына алды.

Сондай ақ, аудан аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құрылысымен танысқан аудан әкімі Ғ.Патшаханұлысапаға айрықша мән беруді тапсырды. Мердігер компанияның өкілдеріне құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді. Осыған орай, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында биыл аудан бойынша 100 балалар алаңшасы салынуда. Қалғанының құжаттары қаралуда. Бұған қоса спорт алаңшалары да жөнделмек.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімдігінің аппараты

Сұхбат

PhotoRoom