Мұқтаж жандарға жүрек қамқоршысы болу - өлшеусіз сауапты іс

Рейтинг
09.06.2020, 22:29

Мейірімге мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсыну, аялы алақанын тосып, қамқоршысы болу - сауапты істіӊ бірі. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабұлов Азамат Маратбекұлы қаладағы жалғыз басты, көп балалы анаға көмек қолын созды. Жалдамалы пәтерде тұратын отбасына азық-түлік апарып беріп, балаларын қаладағы дүкендердің бірінен мектепке қажетті киім-кешек, сөмке, кеңсе заттарын, кішкентай бүлдіршін қызға ойыншықтар жиынтығын алып берді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тәуелсіздік саябағына барып, тәуелсiздiкке тағзым ету ең алдымен мемлекеттiк рәмiздерге құрмет көрсетуден басталатынын ескеріп, мемлекеттік нышандар жайлы мол мағлұмат берді. Полиция қызметкері осы әрекеті арқылы бүлдіршіндерді құқықбұзушылықтан аулақ болуды түсіндіріп, отансүйгіштікке, ұлтжандылдыққа баулуды көздеді. Қызметінің жауапты әрі ауырлығына қарамастан, арнайы уақыт тауып, бүтін бір отбасына қуаныш сыйлады. Балалардың маңдайынан сипаған полицейдің бұл әрекетіне көпбалалы ана ақ батасын беріп, көӊілдерін бір марқайтқаны үшін алғысын білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom