"Отбасының құндылықтарын дәріптеу - басты мақсатымыз"

Рейтинг
09.06.2020, 22:49

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»  жобасының аясында отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тарапынан ажырасу көрсеткіштерін төмендету мақсатында Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотында пилоттық негізде құрылған «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жүргізген жұмыстарының нәтижесі жоғары. Е.Отарбаев, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы, «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жетекшісі: «Аталған жұмыс тобы бүгінге дейін 30-ға жуық отырыс өткізді. Отырыстарда жалпы 250 іс қаралған. Оның ішінде 80 іс медиация әдісі бойынша шешімін тапса, 28 азамат өзінің ажырасу бойынша ұсынған талап-арыздарын кері қайтарды. Бұл өз кезегінде жалпы жұмыс тобы жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта жұмыс  тобының  тәжірибесін  қаладағы  өзге де соттарда жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жақында өзім қалалық  отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының  қолдауымен республикалық «Әкелер форумына» қатысып қайттым. Форумнан алған әсеріммен көп балалы әке ретінде қалада «Әкелер кеңесін» құруға себепкер болдым. Бүгінде кеңес өз жұмысын №38 мектепте бастады және қаланың барлық мектептеріне аталған кеңес жұмысын жүргізу бойынша эстафеталық жолдама жолданды. Ж.Жазықбаева, «Балаларды (ЖИТС)СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры президенті: «Отбасының құндылықтарын дәріптеу бұл біздің - басты мақсатымыз. Осы орайда, біздің ұйым қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармамен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Себебі отбасындағы  баланың құқығын қорғау, отбасын құруды жоспарлау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырып отырғандықтан, біздің негізгі мүддеміз бір деп ойлаймын. Біздің ұйым бүгінде «Өнеге» пилоттық жобасын бастап, нәтижелі жұмыстар жүргізді».

 

Сұхбат

PhotoRoom