Жақсы отбасынан жат мінезді ұрпақ өсіп шықпайды

Рейтинг
09.06.2020, 17:12
Жақсы отбасынан жат мінезді ұрпақ өсіп шықпайды

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» «Менің елім – Қазақстан» жазғы демалыс кезіндегі балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға байланысты «Барлығы балалар үшін» Республикалық құқықтық акциясы Шымкент қаласындағы №75 мектеп-гимназиясында қолға алынды. Бақытты бала-Мәңгілік Ел кепілі. Тәуелсіз еліміздегі қолға алынып жатқан келелі істің бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған отбасы институтын жетілдіріп, тірлігін нығайту басты міндетке айналды. Біз мұны тиянақты түрде жүзеге асырсақ, тірі жетім болмайды. Айрандай ұйыған отбасы қалыптасады. Отбасы құндылығы қалыптасады. Жақсы отбасынан жат мінезді ұрпақ өсіп шықпайды. Бұл істе біз балалар үйін және орталықтарды заманға сай ұйымдастырып, қалыптастыруды қолға алды. Сол орталықтардан бала алуға ниет білдірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларын анықтау, себебін біліп, салдарын жою, ана мен бала құқығын сақтау айналып келгенде, еліміздің келешегі саналатын барлық ұрпақты кемел етіп өсіру. Бұл істе әрбір ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың атқарар жұмысы аз емес. «Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыс-қандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» деп жазған еді кезінде Бауыржан Момышұлы. Бұл жай ғана сөз тіркесі емес. Зор мағыналы салмағы бар, жанға жылу, қанға қызу бретін сөз», деген еді Елбасы. Ендеше болашағымыздың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың дәл қазір құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom