Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу

Рейтинг
09.06.2020, 19:58
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу

Шымкент қаласы №124 ЖОББМ 5 "Б" сынып оқушысы Эрметова Нигора өзінің отбасы құндылығы деген не деген сауалға ойын былайша өрбітіпті: «Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы».

Сұхбат

PhotoRoom