Әкенің өнегелі ісі перзентіне үлгі

Рейтинг
11.06.2020, 20:27

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі әрдайым игі істердің бастамашысы болып жүреді. Демалыс күндерін отбасыңызбен бірге тиімді өткізіңіз дейді мектеп мұғалімдері. Ал спортпен айналысу, денені шынықтыру - бұл керемет әдістердің бірі. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбаев Мейіржан карантин кезінде де отбасымен бірге салауатты өмір салтын ұстанады. Төрт ұл-қызымен бірге отбасылық дене жаттығулардың қарапайым түрлерін дұрыс жасаудың тәртібін көрсетті. Сондай-ақ, спорт отбасы бірлігін, яғни, отбасы құндылығын арттыруға септігі көп екендігін де тілге тиек етті.

Сұхбат

PhotoRoom