Жастарға тәлімді, берері мол шаралар жиі ұйымдастырылмақ

Рейтинг
12.06.2020, 19:31

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы отбасы құндылығын арттыру бағытында түрлі шараларды іске асырып келеді. Бүгінгі таңды онлайн кездесулер ұйымдастыруда. Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Гүлнар Айтжанова 100-ге жуық студентке «өмірдегі ең басты құндылық – отбасы» екенін талдап, таразылап, түсіндірді. Жастармен сұрақ-жауап түрінде еркін пікір алмасып, рөлдік ойын әдісімен қызықты семинар өткізген Гүлнәр Тұрмаханқызы өз тәжірбиесімен бөлісе отырып, жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттады. Алдағы уақытта да жастарға берері мол мұндай шаралар жиі ұйымдастырылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom