Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру бүгінгі күннің талабы. Бұл өз кезегінде қоғамда көп балалы отбасы болудың беделін бекемдеп, абыройын арттырары хақ. Оның үстіне отбасы құндылығына басымдық беріп, қоғамға көп үлес қосып отырғандар көп. Шымкентте көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер жасалуда. Жәрдемақы көлемі де жылдан жылға артып келеді. Қала тұрғындарына көрсетілетін көмек түрлерін кеңінен насихаттау үшін 4 аудан әкімдіктерінде және басқармаларда онлайн байланыс орнатылған. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен мерекелерге байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, 9 632 аналарға барлығы 119,9 млн теңге төленген. Қоғамдық көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері тегін жүруде.