Ынтымақтаса жұмыс жасауда

Рейтинг
14.06.2020, 16:32

Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінің үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен онлайн-жиналыс өтті. Қазіргі төтенше жағдайға байланысты жеке үйде оқыту жүйесіне де қашықтықтан оқуға тура келеді. Мектеп директоры А.Бимырзаева және ү/о оқушыларының ата -аналары, пән мұғалімдерінің қатысуымен ДОЖО Б.Қасымбекова қашықтықтан жиналыс ұйымдастырды. Ата- аналар өзгеріске икемделгенін және мектеп ұжымының жұмысына көңілдері толатынын айтып, алғыстарын білдірді. Әрине, ата-ана тарапынан мақтау мұғалімдерге мотивация берді. Өз тарапынан қолдау көрсетіп, шыдамдылық танытып отырған ата-аналарға мектеп директоры мен мұғалімдер үлкен алғыс білдірді. Осы орайда отбасы құндылығын алдыңғы лекке қойып отырған ата-аналар расында алғысқа лайық. Үйде оқытылатын оқушыларға барлық оқу пән мұғалімдері баланың жеке ерекшеліктері мен психофизикалық мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын есепке ала отырып, ата-аналарының көмегімен сабақ өткізуде. Әр мұғалім икемді, жеке кесте бойынша оқытуда ата-анаға, балаға қолжетімді, қолайлы формада сабақ өткізіп жатыр. Жаңа тәжірибе, жаңа дағды, тың мүмкіндік екенін түсінген ата-аналар мен ұстаздарға, үштік ынтымақтастықта жұмыс жасап, кедергіні бірге жеңетініне  сенім мол.

 

Сұхбат

PhotoRoom