«Менің отбасым» жанұя құндылығын дәріптейді

Рейтинг
14.06.2020, 11:32
«Менің отбасым» жанұя құндылығын дәріптейді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектебінде 17-24 сәуір аралығында мектеп басшысы Берікбай Елтайұлы мен «PARASAT» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен елдегі қиын сәтте қашықтықтан жұмыс жасап жатқан ұстаздарға демеу беріп, ізденімпаз мұғалімдерді қолдау мақсатымен «Біз біргеміз» акциясы аясында «Менің мектебім», «Менің сүйікті ұстазым», «Менің сабақ беру әдісім», «Білім кілті кітапта», «Жақсы кітап - жан азығы», «Менің сыныбым», «Менің отбасым», «Әріптестеріме мың алғыс!» тақырыбында мектепішілік бейнеролик жасаудан байқау жарияланған болатын. «Менің отбасым» бейнеролигінде оқушылар отбасы құндылығын дәріптеп, өз отбасыларының күнделікті өмірінен қысқаша бейнеролик дайындаған. Апта бойы facebook әлеуметтік желісіндегі №83 ЖОББМ парақшасына жарияланған бейнероликтерді сараптай келе, жіберілген жұмыстардың мәні мен мағынасына, тақырыпты ашуына, сапасына қарай бірнеше критерийлер бойынша, әлеуметтік желіде көрермен көп қараған постты анықтап, жеңімпаз белгілі болды. Бұл байқаудың тағы бір мақсаты ұстаздарды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа және әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болуға шақыру. Мектеп әкімшілігі атынан барлық қатысушыларға зор алғысымызды айта отырып, байқау нәтижесімен таныстырғанды жөн көрдік. Бірінші орынды Бағынбаев Бахтияр Жолдасбайұлы иеленіп 2020-2021 оқу жылында кез келген айда «Білікті ұстаз» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналына мақаласын жариялау сертификаты беріледі. Екінші орынмен 8 «Ж» сынып жетекшісі Колдасова Гульнара Кабылбековна «Мектепке сағыныш» номинациясымен «PARASAT» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды. Үшінші орынды 7 «А» сынып жетекшісі Избасова Айгул Ильясовна Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жұмысымен иеленіп «PARASAT» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталады. Сонымен қатар белсенділік танытқан ұстаздар мен оқушылар атап айтар болсақ Жанибекова Баян Жүзболатқызы, Молдиярова Айгүл Сапарбекқызы, Дунанбаева Балжан Нұсқабайқызы, Жируева Нина Сергеевна, 11 "В" сынып оқушысы Еркебай Еркемай, 8 "В" сынып оқушысы Лесбай Арайлым мектеп басшысы Берікбай Елтайұлының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom