ҮШ ЖЫЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Рейтинг
11.01.2021, 18:13
ҮШ ЖЫЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

2019 жылдың желтоқсан айынан бері шаһарда тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасқан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге статустағы азаматтар бар. Қала халқын тұрғын үймен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың үлесі мол. Атап айтқанда,  «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 6 497 азамат баспаналы болған. Осы жылы сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға, көпбалалы отбасыларға 378 пәтер, ал, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделуде. Сонымен қатар, тұрғын кезегіне тұрған азаматтарға 2021-2023 жылдары 2835 пәтерді үлестіру жоспарланып отыр.

Жұлдыз Ордабеков – Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы

Сұхбат

PhotoRoom