Айгүл Боранбай былтыр орталыққа жұмыссыз ретінде тіркелген. Жоғары білімді. Оқуын 2015 жылы бітірген. Мамандығы - педагог. «Бірақ, өз кәсібім бойынша жұмыс істеп көрмедім», дейді жас маман. Енді Айгүлге қаладағы мектептердің біріне қоғамдық жұмысқа жолдама бұйырды.
Айгүл Боранбай – Шымкент қаласының тұрғыны
Былтыр жұмыссыз ретінде тіркеліп кетіп едім, қазір шақырут алдым. Енді 11 мектепке жолдама беріп жатыр. Қуанып отырмын...
Биыл Айгүл сынды жұмыссыз жүрген 2000 тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылады. Оларға төленетін жалақының көлемі де биыл көп. Былтыр 55 мың теңге болса, биыл бұл бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқандар 79 000 теңге алады. Бірақ, бұл-уақытша жұмыс. Бір жылға келісім шарт түзіледі. Сонымен, қоғамдық жұмыстарға жолдама кімдерге тиесілі?
Шағдат Әсет – Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары
16 жастан жоғары қарай азаматтардан бастап зейнет жасына дейінгі тұрғындар осы қоғамдық жұмыстарға баруға болады...
Айту керек, былтыр 5 мыңнан астам азаматқа жолдама бұйырған. Соның 480-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 74 шымкенттік шағын несие алса, 5000-ға жуық азаматқа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант берілген.