ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Рейтинг
15.01.2021, 18:18
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Депутаттар құрамында кәсіпкерлер, медицина, білім, БАҚ саласының өкілдері бар. Жетінші шақырылымда бұрынғы құрамның 86 пайызы жаңарды. 29 жасқа толмаған 4 азамат бар. Ал, нәзікжандылар саны 3-тен 8-ге артқан.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Қалалық мәслихат хатшысы атанған Бахадыр Мәдәліұлының мемлекеттік қызметте  бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Соңғы жылдары ол «Nur Otan»  партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін абыроймен  атқарған болатын.

Бахадыр Нарымбетов - Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Мәслихат депутаттарының ең жасы -25те. Ал, ең егдесі 63 жаста. Жалпы орташа жас мөлшері 46-ны құрап отыр. Азаматтар алдағы 5 жыл бойы қаланың кез-келген мәселелері мен саяси оқиғаларға үн қосатын болады.

Қанатбек Досалиев – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Жетінші шақырылымның тағы бір ерекшелігі депутаттар арасында БАҚ өкілдері де бар. Тек мәселені көтеріп, іске асуын басылым мен телеарна бетіне жариялайтын мамандар енді бұл істердің жүзеге асуына да септігін тигізеді.

Талғат Балтабаев – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Мұрат Жолдыходжаев - Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Сессия отырысы барысында түрлі сала бойынша комиссия отырысының төрағалары тағайындалды. Алда атқарар жұмыс жоспары сараланып, қала әкімі Мұрат Әйтенов депутаттарға қызмет бабында сәттілік тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom