5 АВТОБУСТЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ

Рейтинг
25.01.2021, 18:24
5 АВТОБУСТЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте алдағы уақытта жалпы қоғамдық көліктердің бағыты  78 ге дейін жеткізіледі. Осы мақсатта қызмет көрсетіп жатқан қоғамдық көліктердің сызбаларына өзгеріс енгізіледі. Әзірге 5 автобустың жүру бағыты  ғана өзгерді. Олар 138, 108, 55, 141, және  150-ші бағыттар.

Наурыз Сүгіралиев - Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы.

Қазіргі жағдайда болған бағыттардың қозғалыс сызбалары қысқартылды, олар әкелуші бағыттары болады. Қаланың шалғай аудандарын қаланың орталығымен жалғастыратын болады. Өздеріңіз білесіздер мынау бізде кешен схемасына сәйкес 6 хап жолаушыларды қалыптастыратын аялдамалар бар. Негізі сол аялдамаларға жеткізетін маршруттар болып есептелінеді. Олардың барлығы зерттеулердің нәтижесінде жасалған қозғалыс сызбалар.

Осы өзгерістер енгелі кейбір бағыттардың жұмысы шираған. Тасымал уақыты нақтыланып, жолаушыларда дер кезінде діттеген жеріне жете алады. Оған қоса  автобустарда адамдар қысылып қымтырылмайды.

Ұлбазар Бектемирова– қала тұрғыны

Ескерту айтылғалы бері өзімнің жолым тура, уақытылы жетіп, уақытылы қайтып жатырмыз. 108 автобус өз уақытымен жүріп жатыр.

КСМ:Бұл бағыттардағы өзгерісті халықтың бәрі бірдей қуанышпен қабылдап жатқан жоқ. Әсіресе орталықтан қашықтықта  орналасқан мөлтекаудан тұрғындары автобус бағытының  қысқарғанына қынжулы. Жүргізушілерде жолаушылардың едәуір  азайғандығын айтып отыр.

Спикер: Бақытжан Самих– №108 автобус жүргізушісі

П 9327 тк 00:04  Алдында ЖД вокзалға дейін баратын, қазір тек қана востокқа дейін келіп жатырмыз. Халық ескертпедіңдер деп шулап жатыр. Халықтан біраз айқай естіп жатқан жайымыз бар.

Бұл өзгерістердің барлығы қаладағы жолаушы тасымалын оңтайландыруға бағытталған. Жоба жүзеге асса бір жолда бірнеше бағыттағы автобустар бәсекелестігіде азаяды. Достық, Шымсити, Тұрлан шағын аудандарына қоғамдық көлік тапшылығы жойылады. Милионды қаланың  қозғалыс бағытттары ширай түседі.

Сұхбат

PhotoRoom