МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Рейтинг
02.02.2021, 14:01
МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жалпы, Еңбекші ауданында атқарылған жұмыстар нәтижелі. Бүгінде Бадам тұрғын алабында ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бұдан бөлек өзге де тұрғын алапта өзекті проблемалардың күрмеуі тарқады. Есеп беру барысында аудандағы инфрақұрылым, электр, жол құрылысы мәселелері көтеріліп, талқыланды. Бүгінде қала аумағын тазалау мақсатында 22 сенбілік өткізіліп, 30 000-ға жуық жұмыс күші тартылған. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің айналасы аптасына 4 рет тазаланды.

Ғалымжан Ілиясов – Еңбекші ауданының әкімі

Және де ретсіз сауданың алдын алуа мақсатында 94 рейдтік шара өткізіліп, тиісті шаралар қолданылған. Тағы бір айта кетерлігі, қала ішіндегі маңызды көшелердегі жеке үйлердің иелеріне үйдің ауласын қалпына келтіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Еңбекші ауданында қоғамдық көліктің 21 бағыты бар. Оның 13-і субсидияланған. Қалада қоғамдық көлікті дамытудың кешенді схемасына сәйкес газ құю бекеті іске қосылғаннан кейін 15 бағытта 78 автобус қосылмақ.

Мұрат Әйтенов –Шымкент қаласының әкімі

Еңбекші ауданын толық аралап, қаланың негізгі проблемалық мәселелерін анықтадық. Бұл мәселелерді шешу үшін біз бір жылда шеше алмайтынын білеміз. Оған тиісті қаражат керек. Сол себепті өзекті мәселелерді алдына қойып, 5 жылдық «Даму» жоспарын жасадық. //Аудан әкімі өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алды деп ойлаймыз. Сондықтан аудан әкіміне 2020 жылы атқарған жұмыстарына оң баға беремін.

Өткен жылы Еңбекші ауданына бөлінген қаржы толығымен игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Биыл ауданға 12 млрд қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа 36 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Және 2000 тұрғыны бар Елтай тұрғын алабына жаңа мектеп салып беруді қала әкімі басты назарға алды.  Сондай-ақ жол инфрақұрылымында да ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Оның ішінде Адырбеков көшесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Абаттандыру мен көгалдандыру тазалығы да бюджет есебінен атқарылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom