Бұған дейін жекелей сында қазақстандық теннисшілердің ешқайсы ондыққа еніп көрген емес.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті. Australian Open финалында өнер көрсеткен Елена Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінде 10-орынға көтерілді.
Бұған дейін жекелей сында қазақстандық теннисшілердің ешқайсы (ерлер, әйелдер арасында) ондыққа еніп көрген емес.
Тағы бір қазақстандық теннисші – Елена Путинцеваның көрсеткіші 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында өнер көрсеткен Анна Данилина 24-орында тұр.
Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
10. (+15). Елена Рыбакина – 2815
44 (+3). Юлия Путинцева – 1114
449 (+34). Жібек Құламбаева – 102
506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82
543 (-73). Анна Данилина – 70
1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.