ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Рейтинг
10.12.2025, 10:50
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

       Түркістан облысында туризм, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай жаңалық көп. Өндіріс саласында да тың жобалар қолға алына бастады. Түркістан облысының әкімі Оңтүстік Корея мемлекетінен келген инвестормен кездесті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Оңтүстік Корея мемлекетінен келген инвестор Со Вон Енмен кездесті. Тараптар әріптестікті нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастыру бойынша келіссөз жүргізді.

         Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

        – Өңірде инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда. Облыста 20 индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парктер бар. Арнайы экономикалық аймақтар да жұмыс істеп тұр. Корея Республикасымен бірлесіп, Түркістанда ІТ мамандарын даярлайтын«Woosong University Kazakhstan» жоғарғы оқу орны ашылды. Өзара түсіністік пен байланыс бар. Әріптестікті тереңдетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

          Кездесуде Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, өңірде инфрақұрылым, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау салалары бойынша жүзеге асырылған және енді қолға алынатын жобалар таныстырылды. Екі тарап инфрақұрылым – соның ішінде жол, энергетика, әлеуметтік инфрақұрылымдар және өңірдің дамуына инвестиция тарту, шетелдік компаниялармен әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Айта кетейік, биылғы 10 айда облысқа 1178,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 90-нан астам шетелдік компаниямен кездесулер өтіп, Қытай, Иран және Өзбекстанға ресми сапарлар ұйымдастырылды. 2025-2028 жылдар аралығында облыста 111 инвестициялық жоба іске қосылып, оның нәтижесінде 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

        Инвестициялық жоба­лар­ды сүйемелдеудің бас­ты­ мақ­са­ты – оларды іске асы­ру­дың бар­лық сатысында инвес­тор­­лар­ға құқықтық қолдау көр­се­ту және қорғау. Оның да бір­қа­тар сатысы бар. Мысалы, объек­тінің құрылысын бастау үшін мемлекеттік сараптама, сәу­лет, экологиялық бақылау және басқаларын қоса алғанда, түр­лі­ инстанциядан 60-тан астам рұқ­сат талап етіледі. Инженерлік желі­­лерге қосылу – мүлде бөлек мәсе­ле.

         Еліміздің алдында тұрған мақсат – экономикалық өсімді 6-7 пайызға, 2029 жылға қарай экономика көлемін екі есеге арттыру. Мемлекет басшысы осы мақсаттарға жету үшін бизнесті жүргізу стандарттарын, қағидалары мен практикасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне жеткізуге арналған ауқымды реформалар қажет болатынын атап өтті. Барлық мемлекеттік органның басшылары осы міндеттің маңызын түсініп, болашақ инвестициялық өрісті қалыптастыруға белсенді қатысады деп санаймыз.

Сұхбат

PhotoRoom