ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕНТАУДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Рейтинг
10.12.2025, 10:46
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕНТАУДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Түркістан облысы, Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Жобаны іске асыруға «TURAN Shenhua» ЖШС 2,4 млрд.теңге инвестиция салуда. Кәсіпорынның жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайды. Өндіріс орнында жылына 30 мың дана газ қазандықтары шығарылады. Бұл өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие. Жаңа зауыт қаланың 40 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы дамытуға үлес қосары сөзсіз.

        Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жаңа зауытты іске қосу рәсіме қатысып, жобаның жұмысына сәттілік тіледі.

       – Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін аса маңызы зор жобаның басталуына куә болып отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлік саласына инвесторлар тартып, дамытуды тапсырды. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыстар қолға алынып, инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Соның нәтижесінде, Кентауда газ қазандықтарын шығаратын зауыт ашылып отыр. Осы орайда, жобаны жүзеге асырған инвесторларға алғысымды білдіремін. Жаңа бастамаға сәттілік тілеймін! – деді облыс әкімінің орынбасары.

        Кентау қаласы өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Өңірдегі индустриялық, арнайы экономикалық және өнеркәсіптік аймақтарды дамыту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген алаңдарда бірқатар ірі жобалар іске асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың инвестициялық тартымдылығы арта түсті. Айта кетейік, Кентау қаласында арнайы экономикалық аймақ және индустриалды аймақ жұмыс істейді. Биыл 5 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 
       Қаладағы индустриялық аймақ 43 гектар аумақта орналасқан. Бүгінгі таңда бұл аймақта жалпы  10 жоба жүзеге асырылып отыр. Олардың қатарында «ЮгЭлектроПривод» ЖШС және «ЭлектроДеталь» ЖШС сынды ірі Кентау трансформатор зауыттары, сондай-ақ «Ауэзов» ЖК — оттегі өндірісі,  «Таженов» ЖК — тор және темір бұйымдар өндірісі, «Сим-Тас» ЖШС — керамзит өндіру, «Халтаев» ЖК — темір торлар мен құрылыс блоктары өндірісі, «Бескаска» ЖШС — асфальт-бетон қоспалары өндірісі бар.


      Сонымен қатар, Кентау қаласында арнайы экономикалық аймақтың да әлеуеті зор. Бұрынғы «Экскаватор» АҚ-ның зауыты орналасқан 35 гектар аумақ 2018 жылғы Үкімет қаулысымен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқаруына берілген. Мұнда қазіргі таңда 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар: «KentauRedStar» ЖШС – кірпіш шығару жобасы және «Темір Бетон» ЖШС – темір бетон бұйымдарын өнді

Сұхбат

PhotoRoom