Шымкенттің тарихы насихатталды

Рейтинг
17.06.2022, 23:25
Шымкенттің тарихы насихатталды

Қаламыздың өткені мен бүгінің таныту, келешек ұрпаққа терең тарихын насихаттау мақсатында экскурсия жүргізушілері кешенге келуші қонақтарымызды күтіп алып, кешен аумағында шолу экскурсия жүргізді. Онда ұлттық нақышта жасалған ағаштан, жүннен және былғарыдан жасалған бұйырдарынан сауда-саттық көрмесіне түрлі заттар қойылды. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабақтар өтіп, ұмыт бола бастаған ұлттық бұйымдарымыздың жасалу жолы да көрсетілді.

Ашық алаңда өткен шарада ұлттық ойындар ойнатылды. Атап айтқанда аударыспақ, асық ату, қол күрес, арқан тарту және тоғыз құмалақ. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тағамдарыда көрермен назарына ұсынылды.

Жиын соныңда театрландырылған қойылым қойылып, этнофольклорлық концертте ұлттық аспаптар насихатталды. Сондай-ақ ұлттық нақыштағы киімде фото түсірілім жүргізді.

Сұхбат

PhotoRoom