Сәуле елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған. «АҚСЕМСЕРСТРОЙСЕРВИС» ЖШС тарапынан 76,2 шақырым электр желілері тартылып, құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде 276 орам тұрғындарына сапалы электр қуатын беру жұмысы басталды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілетін болады.
Бұл орамда халық әлі толық қоныстанбаған. Десекте Электр желілері мен басқада инфрақұрылым келешекті жоспарлап орамды толық қамтамасыз етуге лайықталған. Жұртшылықтың жағдайын жасап сапалы жарық жеткізгендерге тұрғындар дән разы.
Айтқандай игілікті істі көругеҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев келді. Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келген халық қалаулылары партия жоспары жүзеге асып жатқандығына көз жеткізді.
Бадам-195 орам елді мекенінде барлығы 828 отбасы, 4140 тұрғын бар.
Аталған елді мекен тұрғындарына көгілдір отын беру жұмысы басталды.
Бұған дейін 195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылдың қыркүйек айында аяқталған болатын. №3 автоматтандырылған газ тарату станциясының іске қосылуы нәтижесінде қаламыздағы елді мекендерге газ беру жұмысы қарқын алды.
Сайрам тұрғын алабына қарасты Тассай бөлімшесінеде көгілдір отын берілді. Құрылыс жұмысы 2018 жылы басталып, 2019 жылы аяқталған. Нәтижесінде 7,507 шақырым газ құбыры тартылып, тұрғын үйлерді газға қосу жұмысы басталды.