Шымкентте қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жандануда

Рейтинг
16.11.2022, 17:54
Шымкентте қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жандануда

Шымкентте  қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жандануда. Бүгінгі күнде агроөнеркәсіп саласы, оның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындары қаланың өндіріс әлеуетін арттыруға зор септігін тигізуде. Қала аумағында қазіргі таңда 45-ке жуық ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар бар. Оның басым бөлігін жеміс-жидек пен көкөністі, сүт өнімдерін, өсімдік майы мен астықты қайта өңдейтін кәсіпорындар кұрайды. Солардың бірі, Алтын төбе тұрғын алабында орналасқан жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін қайта өндейтін «Алан и Компания» кәсіпорыны.  
Абай ауданына қарасты Алтын төбе тұрғын алабында орналасқан жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін қайта өндейтін «Алан и Компания» ЖШС 2020 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде мекеме иелігіндегі 45 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілген. Оның 39,5 гектарында алма, 2 гектарында шабдалы, 2 гектарында алмұрт және 1,5 гектарында жүзім өсіріледі.
2021 жылы кәсіпорын жеміс-көкөністі  қайта өңдеу зауытының құрылысын толығымен аяқтап, осы жылы зауыттың жұмысы толығымен іске қосылды. Инвестиция көлемі 1200 млн. теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы сағатына 7 тоннаға дейін жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын сияқты дайын өнімдер шығарады.  35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  
Отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарыққа шығуы ел экономикасы үшін аса маңызды болып табылады. Осы орайда, кәсіпорынға  «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген. Айта өтейік, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін қайта өндейтін «Алан и Компания» ЖШС Қазақстанда пектин ұнтағын шығаратын ең алғашқы кәсіпорынның бірі.  

Сұхбат

PhotoRoom