Шымкентте 1000-нан аса оқушы болашақта туризм саласында қызмет атқару үшін білім алып жатыр. Бүгін қалалық туризм басқармасының басшысы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде кездесу өткізді. Жиында жастарды жұмыспен қамту мәселесі, шаһардағы қызмет көрсету саласы да талқыланды.
Жиынға келген студенттің бірі – Алина Усманалиева қонақүй мамандығының 3-курсында оқиды. Қазірдің өзінде практикадан өтіп, өзін осы салада сынап көріп жатыр. Нәтижесі жақсы. Өз мамандығының болашағынан үлкен үміт күтеді. Кездесудің маңызды екенін жеткізді.
Қазір Шымкент қаласының туризмін дамытуға үлес қосып жүрген 11 мыңнан аса қызметкер бар. Университеттерде оқушы саны 1000-нан асады. 3323 шетелдік азамат туризм саласында білім алып жатыр. Шаһардың әлеуеті мен дамуын ескерсек, бұл балалар алдағы уақытта жұмыссыз қалмайды.
Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 орында. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласының туристік орындары және қала маңындағы туристік орындарға жалпы саны – 78 экскурсия ұйымдастырылған. Туризм басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров болашақ мамандарға сала жетістігі жайлы баяндады.
Қалаға бір турист келсе, ол бірнеше адамның тұрақты жұмыспен қамтылуына әсер етеді. Жергілікті атқарушы органдардың да жұмысы сол. Ел экономикасына үлес қосу. Туризм саласына жастардың келуіне де әсер етіп, қызықтыру мәселесі басты назарда тұр. Айта кетейік, Шымкент қаласына келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2019 жылы келушілердің саны 249 313 адамға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 140,1%-ға жоғарылаған.