Қазақ күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир

Рейтинг
28.11.2022, 18:26
Қазақ күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир

 

Шаһардағы  жеңіл атлетика кешенінде,  қазақ күресінен даңқты бапкер КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Оңалбек жүлдесіне арналған ересектер арасында халықаралық турнир өтті. Кіл мықтыны анықтайтын сайысқа елімізден және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан елдерінен 260-қа жуық палуан қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  Шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров түйе балуан атанды.

Қазақ спортында орны бар білікті бапкер Жарылқасын Оңалбеков кезінде ХҚТУ университетінде бапкерлік жасап аты әлемге танылған чемпиондарды тәрбиелеп шығарды. Бүгінде қазақ күресінің дамуына өз үлесін қосып жүрген спорт шебері жастарды спортқа баулу мақсатында түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрады. Ересектер арасында өткен халықаралық турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 260 қа жуық палуандар жиналған, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де келген спортшылар бар.
Спорттық сайыс 26-27 қараша күндері өтті. Түйе балуандыққа 22 күресші ниет білдірген. Нәтижесінде Шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров бас жүлдені жеңіп алды. Ол ақтық сында Абай облысынан келген Ерасыл Қажыбаевтың жауырынын жерге тигізді.
Жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне қалалық қазақ күресі қауымдастығының төрағасы Балтабай Асан ұйытқы болды. Осындай шаралардың арқасында балуандар Республикада көш бастап жүр. Сонымен қатар әлем ареналарында көптеген жүлделеге ие болуда.
Турнирде командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп  алған Шымкент қаласының балуандары бас жүлдеге ие болды. Алматы облысы екінші болса, Қарағанды облысы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер турнир иегерінің қолынан арнайы табыс етілді.

Сұхбат

PhotoRoom