Тәлімгерге қосымша ақы төленетін болады

Рейтинг
23.12.2022, 18:47
Тәлімгерге қосымша ақы төленетін болады

Келер жылдан бастап, студенттердің іс-тәжірибеден өту уақтысы, еңбек өтілі болып саналады. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баспасөз отырысы барысында мәлімдеді. Кәсіптік оқу түрін таңдаған түлектерді бұдан өзге қандай жаңалықтар күтуде.

Соңғы жылдары техникалық және кәсіптік оқу түріне көбірек көңіл бөлініп отырғаны баршаға аяған. Бұл ретте, орта арнаулы оқу орындарының базасы жаңарып, студенттерге барынша жағдай жасалуда. Келесі жылдан бастап бұл салада бірқатар өзгерістер орын алмақ. Осы орайда, оқу жылы қысқарып, үш бірдей мамандықты біріктіру жағы көзделіп отыр екен.
Келер жылдан бастап, студенттердің іс-тәжірибеден өту уақтысы еңбек өтілі болып саналады. Сондай-ақ, өндіріс орны  тәлімгерге қосымша ақы төлеуге міндеттелмек. Нәтижесінде, колледж түлектері жұмыссыз қалмайтын болады.
Баспасөз отырысы барысында қаланың бас ұстазы кемшіліктердің бар екенінде жасармады. Академиялық ұтқырлық бойынша ақсап тұрғанын айтқан ол, клесі жылдан бастап қашықтықтан оқыту жүйесін мықтап қолға алатындықтарын айтады.
Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беретін 38 колледж бар. Оның 11-і мемлекеттік болса, 28-і жекеменшік. Бүгінгі таңда, студенттердің жалпы контенгенті 45 мыңнан асса, оның 20 мыңға жуығы бюджет есебінен білім алып отыр екен. Келешекте кәсіптік білімге бет бұрушыларды  100 пайыз мемлекет есебінен оқыту жағы қарастырылуда. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап, қала колледждері өздерін  қаржыландыруды қолға алмақшы. Бұл ретте, өз өнімдерін саудаға сала отырып, керек жарағын түгендейді.  

Сұхбат

PhotoRoom