Астанада Наурыз көже пісіруден рекорд орнатылды

Рейтинг
23.03.2023, 13:49

Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалып, рекорд 22 наурызда тіркелді

Астанада Наурыз көже пісіруден рекорд орнатылды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Наурыз мейрамына орай көже әзірлеуден Қазақстан рекорды орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд кеше, 22 наурызда тіркелді.

Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнаған. Оған жүздеген келі бидай, күріш және ет жұмсалды. Содан кейін дайын Наурыз көже Ататүрік саябағында жүрген адамдарға ұсынылды.

«Екі тоннадан астам Наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр Наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды», — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша, Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатын 20 бидонға құйылды.

Сұхбат

PhotoRoom