Алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар айқындалды

Рейтинг
04.04.2023, 21:34
Алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар айқындалды

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірқатар мәлімдемелер жасады. Алдағы бес жылда атқаратын жұмыстарға тоқталған Президент халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес екендігін, бұл ретте, құқықтық әділетсіздік белең алғандығын, бай мен кедейдің арасы алшақтай түскендігін тілге тиек етті.

Осы орайда, тауар газының тапшылығын болдырмау үшін газ саудасын ашық бәсекеге шығару маңыздылығын айтқан мемлекет басшысы  шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн деді. Мысалы, кімнің үйі үлкен болса, соған газ тарифі қымбатырақ болады деп түсіндірді. Жасыратыны жоқ осы қыста бірқатар аймақ жылусыз қалғанын еске салып, электр энергетикасына қатысты әзір тұрған үш заңды қабылдау керектігіне тоқталған Президент үкімет пен парламентке бірқатар тапсырмалар берді. Әрі Парламентте аса маңызды мәселе талқыланса, жалпы отырысты мемлекеттік телеарна арқылы тікелей эфирде көрсету қажет дегенді айтты. Сонда азаматтар өздері сайлаған депутаттың қалай жұмыс істейтінін нақты көріп, баға бере алады, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің жасаған мәлімдемесіне мән беріп қарайтын болсақ, әрбір сөзінің жаны бар деген қоғам қайраткерлері, бір кісідей қолдау көрсетуіміз керек екенін айтады.

Сұхбат

PhotoRoom