Орташа жалақы 340 мың теңге болды

Рейтинг
10.05.2023, 13:54
Орташа жалақы 340 мың теңге болды

Сіздің ойыңызша Қазақстанда орташа жалақы қанша? Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 340 мың теңге екен. Ал Сіздің айлық табысыңыз осы сомадан көп пе, аз ба? Бұл жөнінде қала тұрғындарынан әріптесім сұрап білген еді.

Лаура Сарман

тілші

- Орташа жалақы мөлшері дегеннің қалай есептелетінін бәрі біледі бүгінде. Түсіндірілді, айтылды. Мәселен, 2 қызметкер 150 мың теңге алады дейік, үшінші қызметкер 250 мың алады. Төртінші қызметкер 350 мың теңге алады және кәсіпорынның директор 600 мың теңге алады дейік. Жалақының орташа мәнін табу үшін осы жалақыларды қосып, оның шыққан сомасын қызметкерлердің санына бөледі. Қызметкерлердің саны 5 адам болып тұр. Сонда 300 мың теңге шығады. Дәл осылай есептелетінін ҚР ҰСБ еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің сарапшылары мәлімдеген болатын. Ал шымкенттіктер елдегі орташа жалақы мөлшерін біле ме екен, сұрайық.

 

Жалпы, елдегі орташа жалақы мөлшері 340 636 теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,3 % көп. Алайда, инфляцияны ескерсек, негізгі өсім 0,6 % аз болып тұр. Қазақстанда кімдердің жоғары жалақы алатыны да анықталды. Ұлттық статистика бюросы әр саланың орташа айлықтардың тізімін жариялады. Орташа жалақы ең жоғары салалар қатарында тау кен өндіру мен қаржы, сақтандыру көш басында тұр.

 

Тау-кен өндіру — 766 555 теңге;

Қаржы және сақтандыру — 602 114 теңге;

Ақпарат және байланыс — 541 218 теңге;

Өнеркәсіп — 474 938 теңге;

Құрылыс — 472 084 теңге.

Лаура Сарман

тілші

- Айта кету керек, үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан да аз халықтың үлесі 2022 жылы 5,2 % болыпты. Осылайша, көрсеткіш 2021 жылдың деңгейінде қалды, ал одан алдыңғы жылы кедейлік деңгейі 5,3 % болған. Ал өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында екен 9,7 пайыз, одан әрі Маңғыстау бар. Ал кедейлері ең аз жер - Астана»

 

Лаура Сарман

Сұхбат

PhotoRoom