МӘЖІЛІСМЕН «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Рейтинг
05.07.2023, 15:51

Мәжіліс депутаттары апта басынан бері өңірлерге сапарлатып,  елдімекендерді аралап, еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесулер өткізуде. 

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабековтің халықпен бүгінгі кездесулері Еңбекші ауданына қарасты мекемелерде өтті. Халық қалаулысы алдымен «3- Энергоорталық» АҚ ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Аталған кездесуге қалалық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, атқарушы хатшы орынбасарлары Бекайдар Төлегенов, Ерлан Айтпаев,  қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова және еңбеккерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

МӘЖІЛІСМЕН «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мәжілісмен бастаған «AMANAT» партиясының өкілдері орталықты аралап, жұмысына қанығып, мегаполистің алдағы жылу маусымына дайындық барысын қарады. 

«3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы шаһардағы басты жылу шығаратын мекеме.  Негізгі қызметі жылу мен электр қуатын өндіру. Қазіргі таңда ЖЭО электр қуатын  ҚР бірегей энергосистемасына береді. Жылу энергиясын ГКП "ҚуатЖылуОрталығына" береді. Қаланың 70-75% жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВТ*сағ. электр қуатын өндіреді. 

Орталық өткен жылыту маусымын технологиялық бұзушылықтарсыз өткізген. Қазіргі таңда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығы кезеңімен жөнделуде.     ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.

Бас инженер Жансерік Ерботаев атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарындағы негізгі мәселелерді айтып, оның себеп-салдарына тоқталды. Ол станциядағы қондырғылар кезең-кезеңімен жаңартылып, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кедергісіз жүргізілуде екенін хабардар етті. Мамандардың айтуынша, Шымкент қаласында алдағы күзгі-қысқы кезеңнің уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары орындалуда. Еңбек ұжымы халық қалаулысымен кездесуде сондай ақ, жалақы мәселесін де көтерді. 

Мәжіліс депутаты кәсіпорын жұмысына қанығып, кездесуде жұмысшылар көтерген мәселелердің  аяқсыз қалмайтынын, талданып, нәтиже шығатынын жеткізді. 
#AMANAT

Сұхбат

PhotoRoom