МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЫНТЫМАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Рейтинг
19.02.2024, 18:26
МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЫНТЫМАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы мобильді қоғамдық қабылдау әрі қарай Ынтымақ шағынауданында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Қожахметова Әсел, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқауршы хатшысы Бектаева Жанар, қалалық мәслихат депутаты Балабиев Нұрсұлтан, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы Бұхарбаев Нұрғазы, аудандық филиал Атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан, Абай аудандық әкімдігінің аппарат басшысы Дәуренбеков Димаш бастаған бір топ белсенділер ынтымақтық тұрғындармен сұхбат құрды. 

Қабылдауға келген Базарбай Орынбасар көше бойына жарық орнату мәселесін көтерді. Сеңгірбаев Нұрбол есімді азамат көше бойына жаяу жүргіншілер үшін аяқжол салу қажеттігін айта келген. Темірхан Диана Жаңатілек көшесіне  су құбырын тартуды сұрады. Мұсаева Гүлсара қаңғыбас иттердің көбейгенін, балалар үшін қауіпті екенін айтып көмек сұрады. Ал, Сатыбалды Мұратжан Темірші көшесіне асфальт төсеу мәселесін алға қойды. 

-    2024 жылдың алғашқы жұмыс күнінен бастап бүгінгі күнге дейін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 759 өтініш түсті. Оның 57% (431)  оң шешімін тапты, 317 (42%) бойынша түсінік берілді. Қаралу үстінде 11 өтініш бар.  Барлық сұрақтар партияластардың бақылауына алынды, - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Сұхбат

PhotoRoom