МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТАССАЙДА ӨТТІ

Рейтинг
19.02.2024, 18:27
МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТАССАЙДА ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы мобильді қоғамдық қабылдауы Тассай шағынауданынан бастады. Бұл бастама партия және тұрғындар арасында кері байланысты күшейту мақсатында жүзеге асырылуда. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Қожахметова Әсел, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқауршы хатшысы Бектаева Жанар, фракция жетекшісі Имашев Қайрат, қалалық мәслихат депутаты Наимбекова Айжан, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Иманқұлов Әбдез, Қаратау аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

⁠-    Қала тұрғындарының арасында  партияның қалалық немесе аудандық филиалына әрдайым келе бермейтіндері бар.  Біз тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күтіп отырмай, оларға өзіміз барамыз. Бұл бір реттік акция емес, тұрақты түрде өтетін шара. Шалғай елдімекендерде өзіміз азаматтармен жүздесіп, партия жұмысы жайлы ақпарат беріп, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оны шешуге ықпал ететін боламыз, -  деді Жанар Әлібекқызы.

Мобильді қоғамдық қабылдауға жазылған тассайлық тұрғындар инфрақұрылымға қатысты оның ішінде көшелерді асфальттау мәселесі мен жарықтандыруды айтты. Аудандық әкімдік маманы әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері белгіленетінін жеткізді. 

«Партиялықтар халықпен тікелей диалог орнатуға, олардың талап-тілектері мен сұраныстарын тыңдауға келді, бұл өте дұрыс. Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі ұйымдастырған жөн», деген ауыл биі Мәдібеков Талдыбек ақсақал алғыс білдіріп, бата берді.

Сұхбат

PhotoRoom